Қазақстан мен Сауд Арабиясы екі ел арасындағы ынтымақтастық болашағын талқылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан мен Сауд Арабиясы екі ел арасындағы ынтымақтастық болашағын талқылады
ашық дереккөз

Сауд тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрі ханзада Фейсал бен Фархан Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Елорда Инфо Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. Сұхбат барысында Қазақстан – Сауд Арабиясы ынтымақтастығының өзекті мәселелері мен екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылы талқыланды. Тараптар мемлекетаралық қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтуға дайындығын растады.