Ресей күрес федерациясы Жақсылық Үшкемпіровтың қазасына орай жеделхат жолдады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ресей күрес федерациясы Жақсылық Үшкемпіровтың қазасына орай жеделхат жолдады
ашық дереккөз

Ресей күрес федерациясы Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің қазасына көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Елорда Инфо Olympic.kz-ке сілтеме жасап. «Ресей күрес федерациясы мен балуандар қоғамдастығы атынан КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің қазасына орай көңіл айтамыз. Даңқты балуан әрдайым біздің жүрегімізде. Қайғыларыңызға ортақпыз», – делінген жеделхатта. Естеріңізге салсақ, грек-рим күресінен Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров 2020 жылдың 2 тамызы күні 69 жасында өмірден өтті.