«Астана» шабандозы Италиядағы жарыста жеңіске жетті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Астана» шабандозы Италиядағы жарыста жеңіске жетті
ашық дереккөз

«Астана» намысын қорғайтын испаниялық велошабандоз Горка Исагирре Италиядағы бір күндік «Гран Триттико Ломбардо» жарысында жеңіске жетті, деп хабарлайды Елорда Инфо Prosports.kz-ке сілтеме жасап. Екінші орынды да қазақстандық команданың тағы бір өкілі Алекс Аранбуру иеленді. Үшінші орынға бельгиялық велошабандоз Грег Ван Авермат (CCC Team) тұрақтады.