Қайырымдылық марафоны: Нұр-Сұлтан және Ақтауда волонтерлер мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қайырымдылық марафоны: Нұр-Сұлтан және Ақтауда волонтерлер мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115663149898512.webp)
«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының волонтерлері көпбалалы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, жалғызбасты қарт адамдарға азық-түлік жеткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Нұр-Сұлтан және Ақтау қалаларынан 85 отбасы «Қайырымдылық марафоны» акциясы аясында азық-түлік себеттері түрінде гуманитарлық көмек алды.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жыл «Самұрық-Қазына» Қорында волонтерлік жыл болып жарияланды.
«Біздің міндетіміз - мұқтаж адамдарға көмек және қолдау көрсету. Іс-шараның мақсаты - қоғамның, әсіресе жастардың саналы ойлауын қалыптастыруға үлес қосу және волонтерлік қызметті жетілдіруге жәрдемдесу», - деді Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығының жобалық менеджері Ажар Әбдиева
Айта кету керек, SK Volunteer компаниялар тобының волонтерлер лигасы Волонтер жылында құрылды және «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының барлық қамқор қызметкерлері мен ел азаматтарын біріктіреді. Қазақстан Республикасының кез келген азаматы volunteer.sknews.kz сайтында өтініш беру арқылы волонтер бола алады.
Қор тобында волонтерлік төрт негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: Qamqor - көмек қажет адамдарға қамқорлық жасауды, Umit – қоғамдық волонтерлік, Asylmura – Қазақстан тарихын сақтауға жәрдемдесу, Taza Kazakhstan – табиғатты сақтауға үлес қосу.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)