Қазақстанда Qara Film Festival деректі фильмдер фестивалі өтеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда Qara Film Festival деректі фильмдер фестивалі өтеді
ашық дереккөз

Қазақстанда 6-9 тамыз аралығында бірінші рет Qara Film Festival деректі фильмдер фестивалі өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Qara Film Festival – бүкіл әлемнен жиналған сегіз креативті деректі фильм көрсетілетін, өзекті тақырыптарды талқылауға шақыратын тәуелсіз кинофестиваль. Барлық фильм тегін көрсетіледі. Фильмдерді алғашқы 500 көрермен тамашалай алады. Онлайн көрсетілімдер туралы толық ақпаратты qarafilmfest.kz сайтынан алуға болады. Айта кетсек, әр фильм көрсетілімнен кейін 12 cағат бойы сақталады. Фильмдерді Қазақстан территориясында ғана көруге болады.