Карантин тағы да созылуы мүмкін бе – министр жауабы

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Карантин тағы да созылуы мүмкін бе – министр жауабы
ашық дереккөз

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифингте карантиндік шаралардың созылуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Карантиннің сақталуы немесе созылуы туралы әзірге кесіп айту қиын. Дегенмен біз қазір карантиндік шаралардың арқасында жағдайдың жақсарып келе жатқанын көріп отырмыз. Еліміздегі кейбір ауруханалар бұрынғы режиміне көше бастады. Егер алдағы екі апта ішінде көрсеткіштің төмендегені тұрақты болса, біз мемлекеттік комиссия отырысында баяндағанымыздай, карантиндік шараларды жеңілдете бастаймыз. Ал егер жағдай, керісінше, қиындай бастаса, онда басқа шешімдер қабылданады. Әзірге жағдайдың тұрақталып келе жатқанын байқап отырмыз», – деді ол.