КВИ мен пнемонияның статистикасы біріктірілді – Цой
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![КВИ мен пнемонияның статистикасы біріктірілді – Цой](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211566907037861.webp)
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирус пен пневмонияның статистикалық мәліметтері неліктен біріктірілетінін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Біз КВИ мен пневмонияның статистикалық мәліметтерін 2020 жылдың 1 тамызынан бастап біріктіру туралы шешім қабылдадық. Көбісі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы неліктен Қазақстан тек 1 тамыздан бастап статистикалық мәліметтерін біріктіретінін 18 шілдеде хабарлағаны жайлы сұрап жатыр. Себеп біреу. Бізге екі апта уақыт қажет болды. Осы аралықта пациенттерді есепке алу жүйесінің сенімділігін қамтамасыз ету үшін кодтау алгоритмі мен нұсқаулықтары әзірленді», - деді министр. Ведомство басшысы өз сөзінде дәрігерлерді қысқа уақытта жаңа алгоритм бойынша есепке алуды үйрету туралы тапсырма болғанын мәлім етті. «Қолданыстағы ақпараттық жүйені қайта жөндеу, бүкіл ел бойынша барлық медициналық қызметкерлерді жаңа деректерді дұрыс енгізуге үйрету. Бұл өте ауыр және энергияны талап ететін процесс. Егер оң нәтиже көрсететін ПТР тесті туралы бәрі түсінікті болса, расталмаған COVID-19 бен пневмония оңай емес. Алдымызда қысқа уақытта дәрігерлерге коронавирус пневмониясының симптомдарын анықтауды үйрету және есепке алу жүйесіне дұрыс енгізу бойынша жұмыс тұрды. Біз бұл жұмыстарды жүргіздік, енді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы стандарттары бойынша есептеуге дайынбыз», - деді А.Цой.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)