Пневмониямен ауырған дәрігерлерге өтемақы төлене ме

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Пневмониямен ауырған дәрігерлерге өтемақы төлене ме
ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой пневмониямен ауыратын дәрігерлерге өтемақы төлеу жайлы түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Жұрт пневмония мен COVID-19 статистикасы біріктірілгенге дейін, яғни тамыз айына дейін анықталған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу үшін пневмония жағдайларын ескереміз бе деген сауал қояды. Біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз және әр жағдайды жеке-жеке мұқият қарастырамыз. Бұған қатысты біздің әріптестеріміздің ешқайсысы алаңдамасын», - деді Алексей Цой. Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОҚК брифингінде КВИ мен пневмонияның статистикалық мәліметтерін 2020 жылдың 1 тамызынан бастап біріктіру туралы шешім қабылданғанын мәлім еткен болатын.