Онлайн режимінде қызмет көрсететін емхана дәрігерінен рецепті қалай алуға болады – министр жауабы

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Онлайн режимінде қызмет көрсететін емхана дәрігерінен рецепті қалай алуға болады – министр жауабы
ашық дереккөз

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой емхана дәрігерлерінің науқастарға онлайн қызмет көрсету барысында дәрілерге рецепті қалай жазып беретіні туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. ОКҚ-де өткен онлайн брифингте Елорда Инфо тілшісі Алтынай Досмадиярованың: «Қазіргі уақытта дәріханалар рецептсіз дәрі сатпайды. Ал емханалар жұмысы әлі де онлайн режимінде жалғасып келеді. Бұл тұрғыда дәрігердің рецептін қалай алуға болады?» деген сауалына министр былай деп жауап берді: «Алдағы уақытта емханалар біртіндеп жұмыс істей бастайды. Оған дейін емхана дәрігерлері онлайн қызмет көрсету барысында науқастарға рецепт жазып беріп, оны әлеуметтік желілердегі мессенджерлер арқылы фотокөшірмесін жібереді. Сол арқылы дәріханалардан дәрі сатып алуға болады. Жалпы, бұл мәселе біздің бақылауымызда».