Елімізде бүгіннен бастап көшеде де маска тағу міндеті енгізіледі
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елімізде бүгіннен бастап көшеде де маска тағу міндеті енгізіледі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115668543820593.webp)
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үйден тыс жерлерде маска тағу міндеті жайлы бұйрық қабылданғанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «2020 жылдың 30 шілдесінен бастап Денсаулық сақтау министрлігінің ел азаматтарына масканы көшеде, қоғамдық орындарда тағу туралы бұйрығы қабылданды. Сол сияқты біз халықаралық тәжірибені зерттей отырып, Қазақстанда ғана емес әлемнің бірқатар елінде масканы барлық жерде, яғни жабық орындар мен ашық аспан астында тағу міндеттелгенін білдік. Мәселен, міндетті түрде маска тағу АҚШ-тың 43 штатында (іште де, сыртта да), Польшада, 23 шілдеден бастап Австралияда міндеттелді. Словакия мен Вьетнамда жұқтыру көрсеткіші төмен болғанына қарамастан маска тағу міндеті бірнеше ай бұрын енгізілген болатын», - деді министр. Алексей Цой маска арқылы вирустың таралу-таралмауы жайлы дау туындайтынын айта келіп, түрлі зерттеулердің арқасында бетперде тағу қауіптілікті барынша азайтатынын тілге тиек етті. «Масканы міндетті түрде тағу туралы бұйрық ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Бұл тәртіпті үйден тыс жерде сақтамаудың салдары жеке және заңды тұлғаларға айыппұл салу ретінде көзделеді», - деді А.Цой. БАҚ өкілдерінен сұрақта маска кию бәріне бірдей талап екенін айтып өтті. «Сыртқа шыққан адамның не істейтініне қарамастан қоғамдық орындарда маскаларды міндетті түрде тағуы қажет. Маска тағу барлық жастағы адамға міндеттеледі», - деді ол. «Масканы ашық аспан астындағы кафелерде тағу міндетті ме? Омыраудағы бала да, жүгіруге шыққандар да маска тағуы қажет пе?» деп журналист бұл сұрақты нақтылап еді: «Масканы бәрі тағуы қажет», - деп жауап қатты министр.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)