Нұр-Сұлтанда жедел-жәрдемді шақырту 2-2,5 есеге азайды – Цой

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда жедел-жәрдемді шақырту 2-2,5 есеге азайды – Цой
ашық дереккөз

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифингте жағдайдың тұрақталып келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «30 шілдедегі жағдай бойынша еліміздегі коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 87 664-ке жетті. Соңғы тәуліктік көрсеткіш бойынша 1 472 жаңа жағдай тіркелді. Жалпы, жағдай тұрақталып келеді. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласындағы жедел жәрдемді шақырту 22 шілдеден 30 шілдеге дейінгі аралықта 2-2,5 есеге азайды. Соның ішінде коронавирустық инфекция бойынша 500-ден 80-ге дейін азайды. Қоңырау шалу 3 мыңнан 1 мыңға дейін төмендеді. Стационарлардағы орын санының жүктемесі 99 пайыздан 35,7 пайызға дейін кеміді», – деді ол.