Тамыз айында ел тұрғындарына 42 500 теңгенің жартысы беріледі

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Тамыз айында ел тұрғындарына 42 500 теңгенің жартысы беріледі
ашық дереккөз

Алдағы тамыз айында қазақстандықтарға 42 500 теңгенің жартысы, яғни 21 250 теңге берілетін болды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бұл мәселеге қатысты Президенттің тікелей тапсырмасы бар. Екі аптаға созылған карантинге байланысты төлем міндетті түрде жүргізіледі. Алайда бұрынғы соманың жартысы, яғни 42 500 теңгенің жартысы 21 250 теңгеден беріледі. Бұл соманы біздің азаматтар міндетті түрде алады», - деді Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов. Айта кетейік, Ералы Тоғжанов онлайн брифинг кезінде елімізде 4,5 мың адам карантин тәртібін бұзғанын мәлім етті.