Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115659828772999.webp)
«Қазгидромет» РМК 2020 жылдың 30 шілдесіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Елорда Инфо. 31 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 31 шілдеде таңертең және күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел күтіледі. 31 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Нұр-Сұлтан және Көкшетау қалаларында 31 шілдеде найзағай күтіледі. 31 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерде найзағай, тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. 31 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавлда түнде 31 шілдеде найзағай, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 31 шілдеде Батыс-Қазақстан облысының батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші найзағай кезінде 15-20 м/с күтіледі. Оңтүстікте қатты ыстық 37 градус күтіледі. Басым бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-100 %.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)