Халықаралық велосипедшілер одағы 2021 жылға арналған күнтізбені жария етті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Халықаралық велосипедшілер одағы 2021 жылға арналған күнтізбені жария етті
ашық дереккөз

Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) 2021 жылға арналған маусым күнтізбесін бекітті, деп хабарлайды Елорда Инфо. Жылдың үш негізгі Гранд-туры саналатын бәсекелердің өтетін мерзімі төмендегідей: 8-30 мамыр: «Джиро д’Италия»; 26 маусым-18 шілде: «Тур де Франс»; 14 тамыз-5 қыркүйек: «Вуэльта». 2021 жылғы маусым 19 қаңтар күні Австралияда басталады. Келесі жылды Қытайдағы Гуанси бәсекесі қорытындылап тұр. Ұйымдастырушылар Токио Олимпиадасына байланысты «Тур де Франс» додасының өткізілу мерзіміне өзгеріс енгізген.