Жыл басынан бері елімізде 39 браконьерлік фактісі анықталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жыл басынан бері елімізде 39 браконьерлік фактісі анықталды
ашық дереккөз

Қазақстанда жыл басынан бері 39 браконьерлік фактісі анықталды, деп хабарлайды Елорда Инфо Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Браконьерлерден 1 571 ақбөкен мүйізі мен 513 тұтас ет алынды. Өткен жылмен салыстырғанда мұндай оқиғалардың айтарлықтай өсуі (25 браконьерлік фактісі, 530 мүйіз бен 650 тұтас ет алынды) мемлекеттік органдардың қылмыстық топтардың жолын кесудегі арта түскен жұмыс үйлесімділігі мен өзара іс-қимыл жеделдігімен байланысты", – делінген министрлік таратқан ақпаратта. Министрлік мәліметінше, алғашқы жатыжылдықта мемлекеттік инспекторлар табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 3 748 оқиғасын анықтаған. Үш мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке, 12 браконьер қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл ретте жалпы айыппұл сомасы 44 млн теңге, залал сомасы 1,6 млрд теңге. "Өткен жылғы осы кезеңді салыстыру үшін алсақ, 4 197 оқиға анықталып, әкімшілік жауапкершілікке 3 335 адам, қылмыстық жауапкершілікке 19 адам тартылған. Ол кездегі жалпы айыппұл сомасы 45,6 млн теңге, залал сомасы 870 616,2 мың теңге", – дейді ведомство мамандары.