«Бәйтерек» монументінің сәулетшісі қайтыс болды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Бәйтерек» монументінің сәулетшісі қайтыс болды
ашық дереккөз

2020 жылғы 29 шілдеде Алматы қаласында Қазақстан Сәулетшілер одағының президенті Рүстембеков Ақмырза Исаұлы кенеттен өмірден озды, деп хабарлайды Елорда Инфо. ⠀ Ақмырза Рүстембеков - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті сәулетшісі, Шығыс елдерінің халықаралық Сәулет академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, Ресей Сәулетшілер одағының құрметті мүшесі, Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі.⠀ ⠀ "Астана-Бәйтерек" нысаны үшін 2002 жылғы Үздік құрылысы арқылы ТМД елдерінің сәулетшілер одағы Халықаралық қауымдастығының Х байқауында Гран-при және алтын медаль иеленді; 2003 жылы София қаласында өткен Дүниежүзілік сәулет триенналында күміс медаль; 2003 жылы Бішкек қаласында өткен Сәулет фестивалінде Қырғыз Республикасы Сәулетшілер одағының Гран-при және алтын медаль иегері атанды.⠀ ⠀ 2004 жылы Ресей Сәулетшілер одағының "Сәулетшілер Достастығына адалдығы үшін" медалімен марапатталған.