Елордалық белсенді жастар ұзақ қашықтыққа жаяу жүру арқылы дәрігерлерге құрмет көрсетті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық белсенді жастар ұзақ қашықтыққа жаяу жүру арқылы дәрігерлерге құрмет көрсетті
ашық дереккөз

"Nur Otan" партиясы елордалық Бірлік филиалының белсенді жастары Саят Тоқсанбаев пен Алмас Рашимбаев алдыңғы шепте жүрген әрбір медицина қызметкеріне арнап 2 сағат 11 минут ішінде 13.3 шақырым жаяу жүру арқылы GPS-трекингпен қалалық картада "Рақмет" сөзін жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо. "Барлық әлем елдеріне ауыр салмақ түсіріп, адам шығындарына әкеліп отырған Пандемия кезеңінде 24 сағат бойы еш дамылсыз қажырлы еңбек атқарып, отбасы, бала-шағаларынан алыста жүрген қаншама ақ халатты абзал жандар бар. Осы кезеңде әрбіріміз оларға қолдау көрсетуіміз ортақ мүддеміз болуы керек. Бұл – әрбіріміздің қолымыздан келетін көмек, бұл – салауатты өмір салтын ұстануымыз. Жылы сөз – жан жылуы, жақсы сөз – жарым ырыс. Ақ халатты абзал жандарымыз аман болсын. #BIZBIRGEMIZ", – делінген хабарламада.