Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында елордада көтерме-бөлу орталығы салынады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында елордада көтерме-бөлу орталығы салынады
ашық дереккөз

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев бас қалада көтерме-бөлу орталықтарының құрылысы жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Көтерме-бөлу орталықтарында көкөніс сақтау желісін дамыту бойынша нақты инвесторлармен жұмыс істеуді бастадық. Қазіргі уақытта көтерме-бөлу орталықтарының құрылысы бойынша 3 инвестор бар. Сол сияқты министрлікпен бірлесіп мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша қосымша көтерме-бөлу орталықтарының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл инфрақұрылымның бәрі болашақта елорданың әлеуметтік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», - дейді басқарма басшысы.