Тұрақтандыру қорында 2,6 мың тонна азық-түлік бар – басқарма басшысы

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Тұрақтандыру қорында 2,6 мың тонна азық-түлік бар – басқарма басшысы
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев онлайн брифингте елорданың тұрақтандыру қорында 2,6 мың тонна азық-түлік бар екенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Тұрғындарды қолдау мақсатында «Магнум», «Кеңмарт», «Астықжан», «Вкус март» сияқты сауда орындары пандемия мен карантин кезінде өздерінің супермаркеттерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің үстеме бағасын қоспай саудалауды қолға алды. Сонымен қатар тұрақтандыру қорында 2,6 мың тонна азық-түлік бар. Соның 1 450 тоннасы – ұн, сондай-ақ 1 150 тоннасы – қант. Естеріңізде болса, сәуір айында қанттың бағасы өсіп, ол бойынша жұмыс жүргізген болатынбыз. Бұл жұмыс әлі де жалғасын табатын болады», – деді ол.