«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдау басталды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдау басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115702743123468.webp)
Магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша жыл сайынғы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы басталды, деп хабарлайды Елорда Инфо Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды онлайн-режимде egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жолдау қажет.
Құжаттарды қабылдау 2020 жылғы 27 шілдеден бастап 31 қазанға дейін жүргізіледі.
Биылғы жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр.
Сонымен қатар, бағдарлама шеңберінде оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)