2 мың гектар суармалы жерге су тартылады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![2 мың гектар суармалы жерге су тартылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115698822770737.webp)
Павлодар облысының екі ауданында суармалы жерлерге су тарту үшін инженерлік құрылғылар орнатылып жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо «Қазсушар» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мамандардың мәліметінше, Ақтоғай ауданының Әуелбек ауылында «Жангөбек» ЖШС тиесілі 1063 гектар аумақ сумен қамтылады. Сондай-ақ Май ауданы Майтүбек ауылында жалпы аумағы 1200 гектар жерге су жеткізу үшін инженерлік құрылғыларды жаңарту жұмыстары басталмақ. «Ауқымды шараға соңғы дайындық жұмыстары маусым айының соңында басталды. Қазір қажетті құбырлар әкелініп, құрылыс жүргізілуде. Ал Май ауданында егін егілетін жер қабаты алынып, құбырларды салу үшін қазба жұмыстары жүргізілуде. Айта кету керек, құбырлар – Степногорск құбыр зауыты шығаратын отандық өнім», – делінген «Қазсушар» РМК Баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)