Мүмкіндігі шектеулі жандар «Мейірім» картасымен пойыз билетін онлайн сатып ала алады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Мүмкіндігі шектеулі жандар «Мейірім» картасымен пойыз билетін онлайн сатып ала алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115701423424304.webp)
26 маусымнан бастап bilet.railways.kz сайты арқылы әлеуметтік маңызы бар пойыздарға 50% жеңілдікпен жол жүру құжаттарын (билеттерді) онлайн түрде ресімдеу қызметі іске қосылған сәттен бастап 300-ге жуық әртүрлі топтағы мүгедек жолаушылар «Мейірім» электронды дисконт картасын ресімдеген, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Мейірім» электронды дисконт картасы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың теміржол билеттерін үйден шықпай-ақ, қашықтан сатып алуға мүмкіндік береді. Электронды картаны клиенттер базасына тіркелгеннен кейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассасынан алуға болады. Ол үшін өзімен бірге жеке басын және мүгедек тобын куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары болуы қажет. Ұлттық тасымалдаушы осы жылдың 15 мамырынан бастап теміржол билеттері қайта сатыла бастағанын және өз жолаушыларынан жол жүру құжаттарын (билеттерді) қашықтан bilet.railways.kz сайтынан рәсімдеулерін сұрайды. 2020 жылдың 15 мамырынан бастап барлығы 2 млн теміржол билеттері, оның ішінде онлайн, әртүрлі интернет-ресурстары арқылы 860 мыңнан астам билет сатылды.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)