Елордада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Хакатонның қорытындысы шығарылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Хакатонның қорытындысы шығарылды
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап өткізілген Хакатонның қорытындысы шығарылды. Бұл туралы Елорда Инфо Astana Hub баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. SOCIALHACK хакатонына барлығы 205 жас бағдарламашылар қатысты Қазақстан астанасында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мобильді қосымша әзірлеу бойынша "SOCIALHACK" жастар онлайн хакатонының қорытындысы шығарылды. Хакатонға қатысу үшін 205-тен астам жас жігіттер мен қыздар тіркеліп, қатысуға ниет білдірді. "Socialhack" жастар хакатоны 48 сағаттық онлайн марафон форматында өтті. Қазақстанның барлық өңірлерінен ортақ міндет үшін жиналған 34 команда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мобильді қосымшаның прототипін әзірлеу үшін еңбек еткен болатын. Хакатонға қатысушылар әзірлеген мобильдік қосымша прототипі арқылы пайдаланушылар тұрғылықты жері мен денсаулығына байланысты шектеулерді (тірек-қимыл аппаратының, есту, көру және кресло-арбаларда қозғалатын) ескере отырып, неғұрлым жиі баратын объектілер бойынша инфрақұрылымға баға беруге мүмкіндіктері болады, сондай-ақ қосымша коммуникациялық мүмкіншіліктерінің кеңеюіне септігін тигізеді. Ракишев Ақежан, Юсупов Теміржан, Мадышев Ұлан есімді Назарбаев Университетінің 1-2 курс студенттерінен құралған "The Glide" командасы Хакатонның жеңімпазы атанды. 2 орынды Хобдабаев Мақсат және Филимонов Даниил атты Назарбаев Университетінің студенттерінен құралған "West point" командасы мен Жанарбек Зулфхар есімді Hong Kong City университетінің студенті бөліп алды. Ал 3 орынға ие болған "Astana pub" командасының мүшелері, Назарбаев Университетінің студенттері - Сапралиев Шыңғыс және Смағұлов Темірлан. Хакатонның үздік спикері ретінде Бурибаева Малика танылса (BTS Digital оқыту курсына сертификат алды), қазылар алқасының көзайымы сыйлығына Samarqand командасы ие болды (NURIS Fab Lab сертификатын алды). Socialhack хакатонының ұйымдастырушысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің қолдауымен NURIS инновациялық кластері болып табылады. Жобаның бастамашысы - EY компаниясы, жобаның демеушілері - Suraqtar.kz. BTS Digital және EY компаниясы.