Алексей Цой әлеуметтік желілердегі жағымсыз ақпараттарды қалай азайтатыны туралы айтты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Алексей Цой әлеуметтік желілердегі жағымсыз ақпараттарды қалай азайтатыны туралы айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115696945975859.webp)
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифингте әлеуметтік желілердегі денсаулық сақтау саласы жайлы жағымсыз ақпараттарды азайту жолдарын түсіндірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Брифинг барысында тілшілер тарапынан министрге «Сіз Үкімет отырысында әлеметтік желілердегі жағымсыз ақпараттарды 10 пайызға дейін азайтатыныңыз туралы айттыңыз. Оны қандай жолмен жасамақсыз?» деген сұрақ қойылды. Бұл сұраққа Алексей Цой былай деп жауап берді: «Министрлік ешқашан ешкімге жағымсыз ақпарат жариялауына тыйым салған емес, салмайды да. Менің Үкімет отырысында айтқан сөзімді көпшілік басқаша түсінген сияқты. Егер өңірлерде денсаулық сақтау саласы туралы жағымсыз ақпарат тараса, оның түрлі себебі бар. Мәселен, тұрғындарға біздің нұсқаулықтар туралы ақпарат дұрыс жетпеуі мүмкін. Яки медициналық көмек дұрыс көрсетілмеуі мүмкін. Жалпы, осындай жұмыстарды жақсартып, тұрғындар тарапынан жақсы көзқарас қалыптастыру арқылы әлеуметтік желілердегі жағымсыз ақпараттарды азайтуды көздеп отырмыз».
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)