Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз хатшы іздейді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз хатшы іздейді
ашық дереккөз

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ведомствоның баспасөз қызметі бірнеше айдан бері БАҚ өкілдерімен неліктен байланысқа шықпайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Министрлікте көптен бері баспасөз хатшысының қызметі бос тұр. Сондықтан қазір халықтың арасында ведомствоның жанынан ақпарат тарату жұмысын жақсартамын деген азаматтардың ұсынысын қарастыруға әзірміз. Министрліктің өзінде үш-төрт айдың ішінде екі-үш рет коронавирус инфекциясымен ауырып, үлкен ошағы болған екен. Сол себепті біздің мамандарымыз, әсіресе, баспасөз қызметінде жұмыс істейтін қызметкерлеріміз ауырып, жұмыста бола алмады», - деді Ажар Ғиният. Айта кетейік, вице-министр жиын барысында елімізде пневмониямен ауырып жатқан 8 мыңға жуық адамның 1 000-нан астамы балалар екенін айтып өткен болатын.