Елімізде пневмониямен ауырып жатқан 8 мыңға жуық адамның 1000-нан астамы – балалар

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде пневмониямен ауырып жатқан 8 мыңға жуық адамның 1000-нан астамы – балалар
ашық дереккөз

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният пневмония жұқтырған науқастар саны, олардың арасындағы балалар көрсеткіші жайлы мәлімет берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Дәл қазіргі уақытта елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны – 73,4 мың. Оның 61,8 пайызы емделіп шықты. Ал пневмониямен ауырып жатқан адамдардың саны ауруханаларда 8 мыңға жуық. Мамыр айынан бастап 1000-нан аса бала ауырды. Қазір 100-ден астам бала емханаларда ауырып жатыр. Балалар коронавирус инфекциясының жеңіл түрімен ауырып жатыр. COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандар арасында балалар жоқ», - деді вице-министр. Айта кетейік, Ажар Ғиният жиын барысында коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу рәсімі қалай жүргізіліп жатқанын мәлім еткен болатын