Коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу тәртібі қалай жүргізіліп жатыр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу тәртібі қалай жүргізіліп жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115700144282538.webp)
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният елімізде коронавирус инфекциясынан қайтыс болған науқастарды жерлеу рәсімі қалай жүргізіліп жатқанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қазір Бас санитарлық дәрігердің қаулысына байланысты шектеу режимі тек қана коронавирус инфекциясы бар науқастарға арналған. Осы инфекциядан қайтыс болған кісілердің жерлеу рәсімін өткізу үшін арнайы рұқсат қағазы керек емес. Өлім болған ауруханада патологиялық-анатомиялық бөлімше арқылы мәйіт залалсыздандырып, туғандарына беріледі. Ары қарай, жаназа, жерлеу рәсімдері үйінде өткізіліп жатыр», - дейді Ажар Ғиният. Ведомство өкілі пневмониядан қайтыс болғандарға арналған арнайы шектеу ережелері жоқ екенін мәлім етті. «Ал республика бойынша пневмониядан қайтыс болғандарды жерлеу қаулыға енгізілген жоқ. Егер дәрігерлер диагнозын коронавирустық пневмония деп қоятын болса осы қаулы арқылы санитарлық нормалар бойынша атқарылатын болады», - дейді вице-министр.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)