«Фармация» СК дәрі-дәрмектің айлық қорын құрды – министр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Фармация» СК дәрі-дәрмектің айлық қорын құрды – министр
ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы саладағы өзгерістер жайлы қозғай отырып, «Фармация» СК қоймаларында дәрілік заттардың бір айлық қоры құрылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Дәрігерлер ақырындап қалыпты жұмыс тәртібіне келіп жатыр. Қабылданған шаралар жүйелі түрде әсер етіп жатыр. Денсаулық сақтау жүйесі бір демде басқа қалыпқа көшіп кете алмайды. Бірақ жақсы нәтижеге жылжып жатқанымыз байқалады. Жұмысымыз бір жүйеге көшті. Қолжетімділік ұлғайып, мобильдік бригадалар артып келеді. Осыдан екі апта бұрын мобильдік бригадалар жоқ болатын», - дейді министр. Ведомство басшысы дәрілерді көбірек сатып алуға айрықша көңіл бөлініп отырғанын қозғап өтті. «Дәрілік заттарды сатып алу мен жоспарлауға үлкен көңіл бөліп отырмыз. Процедуралар жеңілдетіліп, уақыты қысқарды. Сертификаттау, дәрілерді қабылдау мерзімі оңайлатылды. Өңірлерде арнайы тұрақтандыру қорлары құрылды. Ол дәрілік заттарды сатып алуға арналған айналым қаражатын толықтыруға бағытталады», - дейді А.Цой. Бұған қоса ол «Фармация» СК қоймаларында бір айға жетерлік дәрі-дәрмек барын айтты. «Фармация» СК дәрі-дәрмектің айлық қорын құрды. Ай соңына дейін барлық өңірлік ауруханаларға жөнелтілетін болады. Алдағы уақытта екі айлық қор құрылып, ауруханаларды тікелей медициналық препараттармен толықтыру үшін «Фармация» СК қоймаларында толтырылатын болады», - дейді ол.