Медициналық ұйымдардағы орындар саны 19 мыңға көбейтілді – Цой
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Медициналық ұйымдардағы орындар саны 19 мыңға көбейтілді – Цой](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211570354829048.webp)
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифингте эпидемиологиялық жағдаймен күрес шаралары барысындағы соңғы жаңалықтармен бөлісті, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Еліміздің медициналық ұйымдарындағы төсек орындар саны 30,4 мыңнан 49,7 мыңға көбейтілді. Яғни орындар 19,3 мыңға артты. Провизорлық стационардағы жүктеме 20 пайызға, жансақтау бөлімінде 6 пайызға азайды. 2 962 мобильді бригада құрылды. Республика бойынша 1 958 тыныс алу аппаратымен қамтамасыз етілді. Қосымша 4 183 өкпені жасанды желдету аппараты сатып алынады. Олардың 3 105-і – отандық өндірушілердің өнімі. Алдағы 2 ай ішінде осы аппараттармен еліміздің медициналық ұйымдары қамтамасыз етілетін болады. Бұған қоса, қазіргі уақытта сатып алынып жатқан аппараттар да жеткізіліп отырады. Жалпы, еліміздің барлық медициналық мекемесін тыныс алу аппаратымен толықтай қамтамасыз етеміз», – деді ол.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)