«Мен Қазақстан мен қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін» атты байқау жарияланды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Мен Қазақстан мен қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін» атты байқау жарияланды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115698712460085.webp)
Елімізде «Мен Қазақстан мен қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін» атты байқау жарияланды, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Бірінші байқау
- «Кіндік Отаным мен жерлестерімді не үшін жақсы көремін» тақырыбындағы үздік оқиғаға жарияланатын байқау; - Байқауға Қазақстанның қай түпкірінде болмасын тұрып жатқан қазақстандықтар қатыса алады; - Сіз тек кіндік Отаныңыз туралы, немесе өзіңізге ой салатын, шабыт беретін, әер ететін, қуантатын адам туралы айтып берсеңіз болғаны; - Байқаудың басты шарты – оқиға шынайы, ал оның қаһарманы көзі тірі қазақстандық болуы керек; - Үздік оқиғалар көркем хикаяттың негізіне жатады да, авторлары сый-сияпат алады.
Екінші байқау
- Оқиғалар електен өткен соң, бір новелла/бөлімді түсіру құқы үшін жергілікті шығармашыл-өндірістік топтар (продакшн-студиялар) арасындағы екінші байқау басталады. Жеңіп шыққан әрбір студияға өндіріске қажет бюджет бөлінеді.
Байқау қалай өтеді?
Оқиғалар байқауы 2020 жылдың 1 шілде күні бастау алады. Оқиғаны мәтін күйінде жіберу керек. 50 үздік оқиға іріктеліп алынып, сол бойынша 50 сценарий жазылып, 50 новелла/бөлім түсіріледі. Жағымды да әсерлі оқиғаларды сараптамашы топ сценарий үшін таңдап алатын болады. Әрбір жеңімпаздың кино сынаққа қатысып, ролге бекіп жатса, хикаят қаһарманы болуға мүмкіндігі бар. Содан кейін, ҚР әр аймағынан, өз қаласында бір новелла/бөлімді түсіретін 50 продакшн студия таңдап алынады.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)