Елбасы металлургтерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елбасы металлургтерді кәсіби мерекелерімен құттықтады
ашық дереккөз

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың металлургтерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Құрметті металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлері!Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен құттықтаймын!Осы атаулы күні біз металлургтарға – ерлік пен зор қайрат-жігерді талап ететін мамандық иелеріне, өздерінің абыройлы да ауыр жұмысына берілген еңбексүйгіш жандарға сый-құрмет көрсетеміз.Менің өзім де домна пеші басындағы еңбекте шыңдалып, тәжірибе жинақтадым. Жұмылған жұдырықтай ұйымшылдықтың, өзара көмек пен нағыз достықтың шын бағасын білдім.Металлургия – қазақстандық өнеркәсіптің жетекші саласының бірі, онда мыңдаған жоғары білікті мамандар мен басқарушылар еңбек етеді. Олардың қажырлы еңбегі мен асқан шеберлігі еліміздің экономикалық әл-ауқатының берік негізінің бірі болып отыр.    Сіздер алдағы уақытта да Қазақстанның игілігі жолындағы өз жұмыстарыңыздың барысында кәсіби жаңа биіктерді бағындыра бересіздер деп сенемін.Баршаңызға мықты денсаулық, табыс, бақ-береке тілеймін!