2020 жылдың алғашқы жартыжылдығында автомобиль жолдары саласында шамамен 250 мемлекеттік қызмет көрсетілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![2020 жылдың алғашқы жартыжылдығында автомобиль жолдары саласында шамамен 250 мемлекеттік қызмет көрсетілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211570012736506.webp)
2020 жылдың қаңтарынан «QazAvtoJol» ҰК» АҚ облыстық филиалдары «Электронды Үкімет» веб-порталы арқылы жеке және заңды тұлғаларға 249 мемлекеттік қызметті көрсетті, деп хабарлайды Елорда Инфо Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап. Дәлірек айтқанда, «Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруға рұқсат беру құжатын тапсыру» тармағы бойынша 75 қызмет көрсетілген. Халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар арналармен, байланыс және электр қуатын беру жүйелерімен, мұнай құбырларымен және темір жолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беретін мемлекеттік қызмет 110 рет ұсынылған. Бұдан бөлек, «Кірме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды салуға келісу» тармағы бойынша 64 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың қиындығына қарамастан, ұлттық оператордың облыстық филиалдары автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік қызметтерді биыл штаттық тәртіпке сай жүзеге асырып жатыр. Бұл ретте ұлттық оператор көрсететін қызметтер санының артқандығын атап өткен жөн. Осылайша соңғы үш жыл ішінде бұл көрсеткіш 2 жарым есеге артқан. Егер 2017 жылы ««QazAvtoJol» ҰК» АҚ 361 қызметті көрсетсе, 2019 жылы бұл көрсеткіш 906 мемлекеттік қызметті құрады.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)