Еңбекмині: Мессенджерлерде таратылып жатқан 50 мың теңге алу үшін БЖТ төлеу қажеттілігі туралы ақпарат - жалған
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Еңбекмині: Мессенджерлерде таратылып жатқан 50 мың теңге алу үшін БЖТ төлеу қажеттілігі туралы ақпарат - жалған](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211570277801237.webp)
Мессенджерлерде 50 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы тағайындау үшін екінші деңгейдегі банктердің әртүрлі шоттары арқылы бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) төлеуді жүзеге асыру қажеттілігі туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Елорда Инфо Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда БЖТ-ны мәжбүрлеп аударуға «байланыстырылған» ешқандай жәрдемақылар, төлемдер жоқ деп хабарлайды. "Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуын сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз", - деп жазады министрлік.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)