Қазақстан мен Корея денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстан мен Корея денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115703139761448.webp)
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг-сок мырзамен онлайн-кеңес өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Кездесу барысында тараптар екі елдегі эпидемиологиялық жағдайды, пандемияның даму ерекшеліктерін және коронавирус жұқтырған пациенттерге медициналық көмек көрсету, Қазақстан мен Кореяның ынтымақтастығына қатысты өзекті мәселелерді, оның ішінде денсаулық сақтау, медициналық білім және ғылым саласындағы тәжірибе мен білім алмасуды талқылады. Корей тарапы COVID-19 қарсы күрестегі тәжірибесімен және инфекциялық аурулардың болашақта өршіп кетуіне жол бермей қою үшін денсаулық сақтау жүйесін нығайту бойынша шаралармен бөлісті. Алексей Цойдың айтуынша, халықаралық ынтымақтастық пен өзара қолдау COVID-19 қарсы күресте үлкен маңызға ие. Кореяның коронавируспен күресте тәжірибесі мол, сондықтан ынтымақтастық пандемияға байланысты туындаған бірқатар проблеманы шешуге, әсіресе COVID-19 бақылау ісінде білім мен озық практика алмасуға көмектеседі. Кездесу қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан-Корей ынтымақтастығын одан әрі дамыту, атап айтқанда COVID-19 бойынша әдіснама, жағдайды болжау, модельдеу және т.б. бойынша онлайн режимде мамандарды оқыту семинарлар өткізу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ, тараптар екіжақты ынтымақтастықты қысқамерзімді, ортамерзімді және ұзақмерзімді перспективаларға стратегиялық дамыту туралы шешім қабылдады, бұл сөзсіз өзара тиімді әріптестікке серпін береді.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)