Дакарда өтетін жасөспірімдер Олимпиадасы 2026 жылға ауыстырылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Дакарда өтетін жасөспірімдер Олимпиадасы 2026 жылға ауыстырылды
ашық дереккөз

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Сенегалдың Дакарында 2022 жылға жоспарланған жасөспірімдер Олимпиадасы 2026 жылға ауыстырылды, деп хабарлайды Елорда Инфо оlympic.kz-ке сілтеме жасап. Шешім ХОК басшысы Томас Бах пен Сенегал президенті Маки Саллемдің екі күн бұрын болған әңгімесінен кейін қабылданған. Коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылғы Токио Олимпиадасының кейінге шегерілуі барлық спорттық додаларға әсерін тигізіп жатыр. Індеттің таралуының салдарынан жасөспірімдер Олимпиадасы да төрт жылға кейінге қалдырылды. ХОК сессиясы 17 шілдеде өтеді, оның барысында Олимпиада мерзімінің ауысқаны мақұлданады. Айта кетерлігі, Сенегал 2022 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасына жалғыз үміткер болған.