Қазақстанда ақпараттардың шын не жалғанын анықтайтын сайт іске қосылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда ақпараттардың шын не жалғанын анықтайтын сайт іске қосылды
ашық дереккөз

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі www.stopfake.kz жаңа интернет-ресурсын іске қосты. Бұл сайт фактілерді мұқият тексеріп, ақпараттардың шын-жалғанын анықтап, нәтижесінде олардың фейк, манипуляция, арандату және т.б. екендігін жариялайды, деп хабарлайды Елорда Инфо. StopFake бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, байланыс каналдарында таратылған ақпараттардың шынайылығын анықтап, талдап, зерттеу нәтижелерін көрсетеді. Сайтта «Жалған ақпарға шағымдану» функциясы бар, ол арқылы кез келген адам редакцияға хат жолдап, ақпараттың мүмкін еместігі туралы шағым жібере алады. Редакторлар оның жалғандық дәрежесін анықтап, бұл туралы жаңалықтарды веб-сайтқа жариялайды. Жалпы алғанда, StopFake қоғамды дұрыс ақпараттандыруға, ақпараттық манипуляциялармен күресуге және қате, жалған хабарламалардың ақпараттық тазалыққа бағытталған.