Сәуле Қисықова жаңа қызметке тағайындалды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Сәуле Қисықова жаңа қызметке тағайындалды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115714222048055.webp)
«Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің басшысы Сәуле Қисықова басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің бұрынғы басшысы Сәуле Қисықова 14 шілдеде Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының басшысы болып тағайындалды», деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева. Сәуле Қисықова еңбек жолын 1987 жылы Алматы облысы бойынша орталық аудандық ауруханадан бастады. 1994 жылдан 2004 жылға дейін Алматы қаласының № 8 қалалық емханасының емдеу-алдын алу және ақылы бөлімін басқарды. 2004 жылдан 2007 жылға дейін Алматы қаласы "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы медициналық орталығының орталық клиникалық ауруханасы" РМК отбасылық дәрігерлік кешендер бірлестігінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2007-2012 жылдары – "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы" РМК ұйымдастыру және экономикалық мәселелер жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары болды. 2012-2015 жылдары – Астана қаласы "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" РМК бас дәрігері болып қызмет етті. Астана қаласы "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" РМК бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)