Антикор қоғам өкілдерімен бірлесіп гуманитарлық көмекті бөлу барысына мониторинг жүргізуде
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Антикор қоғам өкілдерімен бірлесіп гуманитарлық көмекті бөлу барысына мониторинг жүргізуде](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/1721157150929446.webp)
Елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі арнайы мониторингтік топ өкілдері, «Астана – адалдық алаңы» жоба менеджерлері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мониторингілеу және талдау басқармасы және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласында тегін гуманитарлық көмекті таратуға мониторинг жүргізуде.
Бірқатар мемлекеттер короновирустық инфекциямен зардап шеккен елдерге гуманитарлық медициналық көмек көрсетуге ниет білдірді. Медициналық ұйымдарды дәрі-дәрмектермен және вирустан қорғану құралдарымен қамтамасыз ету уәкілетті органның негізгі міндеті болып табылады.
Елордаға Ресейден гуманитарлық көмек бөлінген: 2 790 дана қорғаныс киімдер, 21 850 дана көлемінде үш қабатты маскалар, 236 «короновир» таблеткалары.
Қытай Халық Республикасынан 450 дана медициналық қорғаныс киімдері, 3 000 дана хирургиялық қолғаптар, 15 дана инфрақызыл термометрлер, 2 200 дана медициналық маска, 3 040 дана хирургиялық маскалар бөлінген.
«Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі, қалалық мәслихат депутаты Мирас Шекенов бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшылығы, «Астана – адалдық алаңы» жоба менеджерлері және Арнайы мониторинг тобының мүшелерінен құралған жұмыс тобы Ресей мен Қытайдан келген гуманитарлық көмектің «СҚ Фармация» қоймасынан медициналық ұйымдарға жетуіне мониторинг жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Бүгінгі таңда короновирустық инфекциясы бар науқастар орналасқан медициналық ұйымдарды жеке қорғаныс құралдары мен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету - бұл карантиндік жағдайлардан тезірек шығуға мүмкіндік береді. Бұл кезеңде азаматтардың денсаулығы басты рөл атқарады. Еш нәрсені адам өмірімен салыстыруға болмайды. Бұл жағдайда мемлекет қалыптасқан жағдайды жою үшін кешенді шаралар қабылдауда. Арнайы мониторинг тобы мен жоба менеджерлері гуманитарлық көмектің Қазақстан Республикасына кірген сәтінен бастап тұтынушыға дейін жету бағытын қадағалауда. Барлық пакеттер қорғаныс құралдары мен тегін гуманитарлық көмекке жататындығын білдіретін мөрмен бекітіледі. Бұл шара тауарларды дәріханалар мен делдалдар арқылы сатудың алдын алуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты барлық мүдделі азаматтарды егер дәрілік препараттарда осындай мөр болса жобаның 8 775 160-55-32 байланыс нөміріне хабарласуға шақырамын», - деді Нұр-Сұлтан қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы Арнайы мониторингтік топ өкілі Жәнібек Успанов.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)