Қазақстандағы Қытай елшілігі таратқан ақпаратына өзгеріс енгізді – СІМ
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстандағы Қытай елшілігі таратқан ақпаратына өзгеріс енгізді – СІМ](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115709546956713.webp)
ашық дереккөз
ҚР Сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев онлайн брифингте ҚХР-дың Қазақстандағы елшілігі таратқан ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Естеріңізге салсақ, Қазақстандағы ҚХР елшілігі әлеуметтік желіде елімізде түсініксіз пневмония жүріп жатқаны туралы ақпарат таратып, қытайлықтарға ескерту жасаған болатын. Осы жөніндегі сұраққа вице-министр былай деп жауап берді: «Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің ақпараты жарияланған уақытта бірден елшілік пен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой арасында телефон байланысы ұйымдастырылды. Тараптардың телефон арқылы байланысынан кейін ҚХР елшілігі таратқан ақпаратына өзгеріс енгізді».
Ұқсас жаңалықтар
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
11 ақпан, 2025
Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
11 ақпан, 2025
Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
11 ақпан, 2025
Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
10 ақпан, 2025
Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді