Ресейден 3 млн бума дәрі-дәрмек келді – вице-министр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ресейден 3 млн бума дәрі-дәрмек келді – вице-министр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115712937675141.webp)
Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова еліміздегі сауда желілерін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі қалай шешіліп жатқанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Нарықты дәрі-дәрмектермен үздіксіз қамтамасыз ету әрі олардың қолжетімділігі Мемлекет басшысының тікелей назарында. Қазіргі уақытта Үкімет ел тұрғындарын амбулаторлық және стационарлық деңгейде дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдап жатыр. Үкімет қазіргі таңда амбулаториялық желілерге неғұрлым сұранысқа ие дәрі-дәрмектерді жеткізу үшін ұшақтардың бірнеше бортын ұйымдастырды», - деді вице-министр. Ол өз сөзінде өңірлерге сұранысқа ие 21 түрлі дәрі жіберіліп жатқанын тілге тиек етіп өтті. «ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов отандық өндірушілермен көтерме дистрюбиторлармен мәжіліс өткізді. Шілде айының соңына дейін аптасына бірнеше рейспен қажет дәрілерді бөлшек сауда желісіне жеткізіп тұрамыз», - деді Л.Бюрабекова. Бұған қоса ол Ресейден жеткен гуманитарлық көмек жайлы қозғап өтті. «Өткен сенбі күні Ресейден екі борт дәрі-дәрмек келді. Онда дәрілердің 3 млн-нан астам бумасы жеткізілді. Олардың бәрі еліміздің үш ірі қаласы мен өңірлерге тең бөлінді. Олардың сертификаттауы мен қажет құжаттары жылдам рәсімделіп, сауда желісіне түсті», - дейді ведомство өкілі.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)