Б.Нұрымбетов: Біраз мекеменің қызметкері зейнетақы жарналарын төлеуден босатылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Б.Нұрымбетов: Біраз мекеменің қызметкері зейнетақы жарналарын төлеуден босатылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115711228547798.webp)
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов кейбір кәсіпорындар белгілі шектеулермен жұмыс істеп жатқанын әрі олардың зейнетақы жарналарын немесе әлеуметтік жарналарын төлеуден босатылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Біріншіден төтенше жағдайға қарағанда бүгінгі шектеулер бойынша біраз мекеме жұмысын жүргізіп жатыр. Құрылыс, өндіріс саласы, тіпті қызмет көрсету, сауда саласында да кейбір шектеулермен жұмысы жүргізіліп жатыр», - деді Б.Нұрымбетов. Ол өз сөзінде зейнетақы жарнасын төлеуден босатылғандар бар екенін айрықша атап өтті. «Екіншіден әр өңірдің бас санитарлық дәрігері өз облысына ерекше шектеулер орнатып жатыр. Үшіншіден 1 сәуірден бастап біраз мекемелер жұмысшылары үшін міндетті зейнетақы жарналарын немесе әлеуметтік жарналарын төлеуден босатылды. Сол себепті біз сол жарналар арқылы қадағалау мүмкіндіктеріміз шектеліп отыр. Осыған байланысты жалдамалы жұмысшыларға өзгеріс енді. Біз жұмысшылар үшін осы жолы зейнетақы жарнасы, әлеуметтік жарнасы төленгені туралы талап қоймаймыз. Өткен жолы кемінде 12 айда бір төлем болуы керек деген талап бұл жолы болмайды. Себебі оның да мағынасы жоқ, өткендегі төлемдерге бүгін жұмыс істеп жатқанын растай алмаймыз», - деді министр.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)