Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгеге өтінішті кімнің қалай беретіні туралы айтты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгеге өтінішті кімнің қалай беретіні туралы айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115712446826841.webp)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов онлайн брифингте 42 500 теңге әлеуметтік көмек алу үшін өтінішті жұмыс берушілер беретінін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Бұл жолы өтінішті жұмыс берушілер жібереді. Олар қарамағындағы мамандардың ақысыз демалысқа шыққанын растайды. Алдағы уақытта ыңғайлы сервис жасалып, жұмысшылардың өздері де ЖСН нөмірлері арқылы өтініштерінің жіберілгеніне көз жеткізу үшін порталдардан қарай алады. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлердің өтініші бойынша аудан немесе қалалардағы біздің штабтың мамандары және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері тексеріс жасап, карантинге байланысты олардың жұмысының тоқтағанын растауы тиіс. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар өткен жолы бірыңғай жиынтық төлем төлеуге тиіс болса, бұл жолы міндеттелмейді. Жалпы, қандай порталдар арқылы өтініш беруге болатынын алдағы бейсенбі-жұма күндері қосымша хабарлайтын боламыз. Айта кету керек, бұл тұрғыда Халық банк пен Kaspi bank тарапы да қолдау көрсетуге ынта білдіріп отыр», – деді ол.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)