Карантин кезінде 1 млн 50 мың адамға азық-түлік түрінде көмек көрсетіледі
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Карантин кезінде 1 млн 50 мың адамға азық-түлік түрінде көмек көрсетіледі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115712945542265.webp)
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында карантин кезінде көрсетілетін көмек жайлы айтып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Төтенше жағдай кезінде әлжуаз топтағы біраз азаматқа, атап айтқанда атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардағы балаларға, барлық мүгедек жанға, мүгедек балаға күтім жасап отырған ата-анаға және ресми жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарға екі ай бойы аздап азық-түлікке көмек төлеген болатынбыз. Соны осы шілде айында да төлейтін боламыз. Ол 1 млн 50 мың адамға қатысты болады», - деді министр. Айта кетейік, ведомство басшысы баспасөз мәслихаты кезінде 128 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып жатқанын мәлім еткен болатын.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)