Елімізде 128 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып жатыр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елімізде 128 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115713412663919.webp)
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елімізде 128 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Үкімет отырысында бүгінгі ахуалға қатысты әлеуметтік салада әзірленген ұсыныстардың бірқатары шешімін тапты. Біріншіден, біздің атаулы әлеуметтік көмек алып жүрген азаматтардың үшінші тоқсанға тағайындауын проактивті түрде, яғни өтінішін өткізбей тағайындау туралы шешім. Бұл жерде халықтың көп сұрап жатқаны екінші тоқсанда 42 500 теңгені алған азаматтар мұны табыс ретінде есептелмейді және бірыңғай жиынтық төлем төлегендер де табыс ретінде есептелмейді. Бүгінгі таңда 128 мың отбасы осы атаулы әлеуметтік көмекті алып жатыр», - дейді министр. Ведомство басшысы өз сөзінде мүмкіндігі шектеулі жандардың мүгедектігі автоматты түрде ұзартылатынын атап өтті. «Екіншісі, мүгедек жандарымызға қатысты. Олардың мүгедектік мерзімі осы күндерге келген жағдайда олардың мүгедектік мерзімі автоматты түрде үш айға созып тұрамыз және олардың тиісті мемлекеттік жәрдемақысы төленеді. Осы айда ол 29 мың мүгедек жанға қатысты болады», - деді Б.Нұрымбетов.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)