Демалыс уақытында мұғалімдерді мәжбүрлі түрде жұмысқа шақыруға ешкімнің құқығы жоқ – министр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Демалыс уақытында мұғалімдерді мәжбүрлі түрде жұмысқа шақыруға ешкімнің құқығы жоқ – министр
ашық дереккөз

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн брифингте демалыс уақытында мұғалімдерді мәжбүрлі түрде жұмысқа шақыруға ешкімнің құқығы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер жүрмейтіндіктен, кейбір білім мекемелері мұғалімдерді демалыс уақытында өз беттерінше баруға мәжбүрлейді. Ал денсаулықтарына өздері жауапты екенін айтады. Бұған қандай шара қолданасыздар?» деген сұраққа Білім және ғылым министрі былай деп жауап берді: «Өте дұрыс сұрақ. Біріншіден, еңбек шарты бар, Ата заң бар. Сондықтан ешкімнің мамандарды демалыс уақытында мәжбүрлі түрде жұмысқа шақыруға құқығы жоқ. Осы айдың 20-сынан бастап мұғалімдер өздерінің кестесіне сәйкес, жұмыстарына кірісетін болады. Олар арнайы курстардан өтеді. Ал жоғарыдағыдай мәжбүрлі түрде жұмысқа шығару сияқты деректер тіркелсе, арнайы шара қолдануға дайынбыз. Жалпы, біз бұл туралы Білім басқармаларының, білім бөлімдерінің басшыларымен сөйлескенбіз. Олармен әлі де апта сайын жиын өткізіп, кеңесіп отырамыз».