Арнайы сыныптарда жазу мен оқуды үйрететін пәндер ғана оқытылуы мүмкін
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Арнайы сыныптарда жазу мен оқуды үйрететін пәндер ғана оқытылуы мүмкін](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115716647542849.webp)
Ата-аналар тарапынан жазбаша өтініш болса, 1-сынып оқушылары үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып, мектепте білім алу құқығы беріледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Жоғарыда айтқанымыздай, жаңа оқу жылында 1-11 сынып оқушылары 1-тоқсанда қашықтықтан білім алады. Алайда кейбір ата-аналардың жазбаша өтініші болса, біз бастауыш сынып оқушыларына мектептерде дәстүрлі оқыту форматы бойынша білім беруді ұйымдастырамыз. Бұл – ата-аналардың өздерінің шешімі. Яғни қазіргі жағдайға қарамастан оларға балаларының мектепте оқуы керек болса, біздің, мектептердің жұмысы – барлық тиісті жұмыстарды ұйымдастыру. Бірақ онда санитарлық-гигиеналық талап қатаң сақталатын болады. Мысалы, оқушылар саны 10-15-тен аспауға тиіс. Өйткені кейбір сыныптарда 30-40 балаға дейін отырады. Сонымен қатар үзіліске шығу, сабақ оқу уақыты да өзгереді. Мектепке келу уақыты да өзгеше болады. Дегенмен мектептерде тек жазуды және оқуды үйрететін пәндер ғана оқытылады. Ал ән-күй сияқты пәндер қашықтықтан жүргізіле береді», – деді министр.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)