Педагогтер ІТ технология біліктіліктерін арттыратын болады – Аймағамбетов

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Педагогтер ІТ технология біліктіліктерін арттыратын болады – Аймағамбетов
ашық дереккөз

Педагогтер ІТ технология бойынша курстан өтеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Контентпен қамтамасыз ету жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Бейнесабақтар әлі де түсірілу үстінде. Телесабақтар бойынша салалық министрлікпен келісімшарт бар. Трансляциялар жүргізілетін болады. Телесабақтар да бүгінде түсіріліп жатыр. Сол сияқты қашықтықтан оқыту режимі бойынша педагогтермен де жұмыстар жүргізілуде. Яғни олардың ІТ технология бойынша біліктіліктерін арттыру мақсатында курстар өткізілетін болады. Себебі қашықтықтан білім беру мен дәстүрлі оқытудың едәуір айырмашылығы бар. Сондықтан 20 шілдеден бастап мұғалімдер жазғы демалыстан жұмысқа кірісе бастайды. Осы уақыттан бастап олар ІТ технология бойынша біліктіліктерін арттырып, қалай білім беру керектігі жөнінде арнайы курстан өтеді», – деді министр.