Бастауыш сынып оқушыларына арнайы сынып ашып беруге дайынбыз – БҒМ
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Бастауыш сынып оқушыларына арнайы сынып ашып беруге дайынбыз – БҒМ](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115710013165611.webp)
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бастауыш сынып оқушылары үшін арнайы сынып ашылатынын айтып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Мәселенің бірі – бастауыш сынып оқушыларына қатысты. Егер ата-аналардың өтініші болса уақытша сынып ашып беруге дайынбыз. Бұл сыныптарды ашқанда тиісті жағдай жасауымыз қажет», - деді министр. Ол өз сөзінде барлық санитарлық талаптарға сай тиісті жұмыстар жүргізілетінін ерекше айтып өтті. «Оның ішінде бала таңертең сабаққа келгенде дене қызуын өлшеу, зарарсыздандыру, жалпы сыныптарды бірнеше ауысымға бөлу, топтарда көп дегенде 10-15 бала болып, оларды бөліп оқыту мәселесін қарастыратын боламыз. Себебі біз үшін ең басты мәселе – балалардың қауіпсіздігі. Сол себепті осындай шешім қабылданып отыр», - деді ведомство басшысы.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)