Интернет платформалар бұрынғыға қарағанда ыңғайлы болып қалды – министр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Интернет платформалар бұрынғыға қарағанда ыңғайлы болып қалды – министр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115710418822985.webp)
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн брифингте оқушыларды компьютерлермен және ыңғайлы интернет платформалармен қамту мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қазіргі уақытта мектептердегі компьютерлердің көбі расымен де ескірген. Сондықтан қашықтан оқыту кезінде компьютерге мұқтаж оқушыларға уақытша пайдалануға беруге жетіспейді. Сондықтан бүгінде 36 мыңнан аса компьютер сатып алынды. Әрі қарай 1 қыркүйекке дейін өңірлердің әкімдіктері қосымша қажетті компьютерлерді сатып алатын болады. Бұл жөнінде бүгін Үкімет отырысында арнайы тапсырма берілді», – деді министр. Сонымен қатар ол интернет платформалар туралы да айтып өтті. «Өткен оқу жылының төртінші тоқсанында мұғалімдер мен оқушылар және ата-аналар тарапынан интернет платформаларға қатысты көптеген пікірлер айтылды. Біз соның бәрін ескере отырып, ІТ компаниялармен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазіргі уақытта интернет платформалар әлдеқайда ыңғайлы болып қалды. Сурдоаударма, қосымша шрифт санын көбейту сияқты ұсыныстарымызды айттық. ІТ компаниялар әлі де қыркүйекке дейін платформаларды жақсарту бойынша жұмыс жүргізетін болады», – деді А.Аймағамбетов.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)