А.Аймағамбетов: Шалғайдағы қауіп жоқ мектептерге оқушылар қатынап оқиды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![А.Аймағамбетов: Шалғайдағы қауіп жоқ мектептерге оқушылар қатынап оқиды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115711225386786.webp)
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ауылды жерлерде мектептер штатты режимде жұмыс істейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «1-11-сыныпқа дейін қашықтан оқыту. Енді оқу жылы басталғанға дейін біз тиісті жағдайларды жасауымыз керек. Енді осыған қатысты мына мәселені айтып өткім келеді. Қашықтан оқытамыз дегенімізбен ауылдарда, шалғайдағы шағын жинақты мектептер бар. Оларда 5-10 бала бар. Олар мектептеріне қатынап оқиды. Сондықтан осындай шалғайдағы қауіп жоқ өңірлерде орналасқан мектептерде жұмысты штатты режимде ары қарай оқытуды ұйымдастыруға біз мүмкіндік беріп отырмыз», - деді министр. Айта кетейік, Білім және ғылым министрі онлайн баспасөз мәслихатында Үкімет отырысында 1 қыркүйекте оқушылар онлайн форматта білім алу туралы шешім қабылданғанын айтқан болатын.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)